Жүгіру жолы
Кіру
AA+
Ақтөбе облысы, Темір ауданы, Кеңқияқ ауылдық округі, Кеңқияқ ауылы, көшесі Ыбырай Алтынсарин, үй 11Б, пошталық индексі 030807
+7 (xxx) xxx xx xx
+7 (xxx) xxx xx xx
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Жүгіру жолы
“Зере” бөбекжай-балабақшасы
Ақтөбе облысының білім басқармасы Темір ауданының білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің “Зере” бөбекжай-балабақшасы МКҚК

2025–2026 оқу жылындағы ата-аналарға кеңес беру пункті аясында «Денсаулық, күн тәртібі» тақырыбында өткен дөңгелек үстел мазмұнды әрі өзекті деңгейде ұйымдастырылды. Іс-шараны жауапты медбике Алинова Маржангул Құланқызы жоғары кәсібилікпен жүргізіп, ата-аналарға балалардың денсаулығын сақтау, дұрыс күн тәртібін қалыптастыру, ұйқы мен тамақтанудың маңыздылығы жөнінде нақты әрі түсінікті кеңестер берді.

Кездесу барысында ата-аналар белсенді қатысып, пайдалы ақпарат алып, өз сұрақтарына толық жауап алды. Дөңгелек үстел жылы, сенімді атмосферада өтіп, отбасы мен балабақша арасындағы өзара байланыс пен жауапкершілікті нығайтуға ықпал етті. Жалпы, іс-шара тәрбиелік маңызы зор, мазмұны терең, тәжірибелік тұрғыдан құнды болды.