Алғыс айту күні құтты болсын!
Балабақша өміріне белсене араласып, әрдайым қолдау көрсетіп жүргендеріңіз үшін шын жүректен алғыс айтамыз. Сіздердің сенімдеріңіз бен қолдауларыңыз – біздің ең үлкен күшіміз.
Балаларымыз аман, дені сау, тәрбиелі болып өссін!
Отбасыларыңызға бақ-береке, татулық пен молшылық тілейміз!
"Бәйшешек" ортаңғы тобы
Тәрбиешілері: Кәри І.Д, Саттарова И.М
"Бәйшешек" ортаңғы тобында Іңкәр Дәрігерқызының "Мұнайдың ізімен" атты ашық оқу қызметі өтті. Мақсаты:
Балаларға мұнай туралы қарапайым, жас ерекшеліктеріне сай түсінік беру; мұнайдың жер қойнауында өндірілетінін және адам өміріндегі маңызын тәжірибе мен ойын әрекеттері арқылы таныстыру, танымдық қызығушылықтарын арттыру.
Жер қойнауындағы қара алтын – ел игілігі. Ал сол байлықты қадірлеуді бүгінгі бүлдіршінге үйрету – біздің ортақ міндетіміз.
Ашық оқу қызметі барысында қауіпсіздік талаптарын сақтау мақсатында тәжірибе кезінде табиғи мұнай қолданылған жоқ. Оның орнына балалардың жас ерекшеліктеріне сай, қауіпсіз әрі қолжетімді сұйық май мен бояу пайдаланылды.
"Бәйшешек" ортаңғы тобы
"Аяулы анашым"
Мақсаты: Балалардың анаға деген сүйіспеншілігін, құрметін арттыру, ана еңбегін бағалауға тәрбиелеу. Балалардың ән айту, тақпақ айту, би билеу арқылы шығармашылық қабілеттерін дамыту және мерекелік көңіл күй сыйлау.
Тәрбиешілері: Кәри І.Д , Саттарова И.М
Тәрбиеші көмекшісі: Ержасова Ж.А
"Бәйшешек" ортаңғы тобы
Тақырыбы: "Мұнайдың ізімен"
Мақсаты:
Балаларды мұнайдың не екенін қарапайым тілмен таныстыру, оның қайдан алынатынын және адамдарға қандай пайдасы бар екенін түсіндіру арқылы танымдық қызығушылықтарын арттыру.
Міндеттері:
• Мұнай туралы бастапқы түсінік беру
• Сөздік қорын дамыту (мұнай, қара алтын, сұйық, жер асты)
• Байқағыштық пен ойлау қабілетін дамыту
• Табиғат байлығын қадірлеуге тәрбиелеу.
Тәрбиеші: Саттарова Индира Мақсатқызы
Күннің екінші жартысында балалар допты бір - біріне түсірмей жеткізу. Ептілікке, шапшаңдыққа тәрбиелеу. Тәрбиеші:Жанаева Г.И.
"Бәйшешек" кіші тобы. Шардан аққала жасап безендіру. Тәрбиеші: Жанаева Г.И