"Еркемай"ересек тобы.
Алғыс айту күні баршаңызға құтты болсын!
Жүрегімізде мейірім, тілегімізде шынайылық, өмірімізде бір-бірімізге деген ризашылық арта берсін.
Баршаңызға амандық, бірлік пен береке тілейміз!
Тәрбиеші: Дуйсебаева Камшат Серикбаевна
"Еркемай" ересек тобының "Жан анашым" атты мерекелік ертеңгілігі.
Балалар өз өнерлерін көрсетіп, аяулы аналарына жылы тілектерін арнады. Көктемнің шуақты мерекесі барша аналарға қуаныш пен шаттық сыйласын!
Тәрбиешілер:
Камшат Серікбайқызы
Умида Сайпадинқызы
"Еркемай" тобы
"Мұнайдың ізімен"
Мақсаты: Балалардың дүниетанымын кеңейту. Туған өлкесіне деген сүйіспеншілігін ояту. Туған жердің табиғаты, қазба байлығы жөнінде ақпарат беру. Байланыстыра сөйлеу қабілетін дамыту, қажеттіліктерін туындатып тұрған сұрақтарына өз бетімен жауап іздеуге көмектесу.
Мұнай шикізатының орнын балаларға қауіпсіз болуы үшін слайммен және сұйық майды қара гуашпен бояу арқылы ауыстырылды.
Тәрбиеші: Кожаева Умида Сайпадинкызы.
"Еркемай" ересек тобы
Тақырыбы:"Мұнайдың ізімен-мамандықтар әлемі"
Мақсаты:Тәжірибе көрсету арқылы балаларға мұнайдың жер қойнауынан құбыр арқылы өндіріліп шығатынын көзбен көріп түсіндіру; мұнай саласына қатысты құрылысшы, теңізші, мұнайшы мамандықтарының жұмысымен таныстыру, олардың еңбегінің маңызын ұғындыру және балалардың зерттеушілік, бақылау қабілеттерін және танымдық қызығушылығын дамыту.
Тәрбиеші:Дуйсебаева Камшат Серикбаевна
“Еркемай” тобы
Балабақшада «Ғажайып қар мүсіні» тақырыбында ата-аналар мен балалардың бірлескен шығармашылығын дамыту, қыс мезгілінің сұлулығын сезіндіру, балалардың қиялын, қол еңбегіне қызығушылығын арттыру.Қармен ойнау арқылы балаларды табиғатты аялауға, ұжыммен жұмыс жасауға және жағымды эмоция алуға тәрбиелеу.
Тәрбиеші:Камшат Серікбайқызы